Биыл «Қазақстан дауысы» жобасына «Нар тәуекел» атты кезең енгізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан дауысы» шоуы 20 қыркүйектен бастап тағы эфирде. «Қазақстан дауысы» жобасы биыл үшінші маусымын ашпақ. Осыған жоба директоры Кенже Жұманұлы пікір білдірді, деп жазады «Қазақстан» ұлттық арнасы.

«Қазақстан дауысы» жобасының биылғы маусымы өте қызықты болмақ. Халыққа жақын болуы үшін биыл біраз өзгерту енгіздік. Мысалы, тәлімгер Медеу Арынбаевтың орнына әнші Рүстем Нұржігіт келді. «Нар тәуекел» атты жаңа кезең енгіздік. Нағыз шайқастың қызатын кезі де осы кезең. Сондай-ақ, бұрынғы сайыстарға да өзгерту енді. Үшінші маусым алдыңғыларға қарағанда, анағұрлым қызықты болады»,-дейді жоба жетекшісі.