«Қазіргі уақытта егістік алқабының шамамен 95-96 пайызы бастырылды. Жиналған астықтың көлемі 20 млн тоннаны құрайды. Біз ағымдағы жылы кемінде 9 млн тонна астықты экспортқа шығарамыз деп болжап отырмыз», - деді ол.
Вице-министрдің айтуынша, қазақ астығын шығаратын жаңа нарықтар ашылып, фитосанитарлық-карантиндік талаптарды келісу рәсімдері жүргізілуде.
«Мәселен, 2015 жылдың желтоқсанында Қытай тарапы қол қойған хаттама осы екі жылдың ішінде ҚХР-ға астық экспорты көлемін арттыруға септігін тигізді. Біздің бизнес үшін тасымалдың оңтайлы үлгісі келісілді. Егер де бұған дейін тек мөшекке салынған бидайдың жеткізілуіне рұқсат болса, ендігі уақытта темір жол көлігі астық тасымалдайтын вагондармен, контейнерлермен жеткізуге мүмкіндік бар. Яғни, жаңа нарықтар ашу бағытында жұмыстар жүргізіп жатырмыз», - деді Гүлмира Исаева.
Сонымен қатар ол ағымдағы жылдың күз айында Вьетнамға Қазақстан астығының алғашқы сынама партиясы жеткізілгендігін, ЕАЭО аясында Сингапурмен және Үндістанмен еркі сауда аймағын құру бойынша келіссөздердің жүргізіліп жатқандығын айрықша атап өтті.