Биыл Қазақстан Президенті Еуропа мен Таяу Шығыс елдеріне сапарлайды

АСТАНА. 12 тамыз. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуропа мемлекеттеріне жоғары деңгейдегі сапарлары өтеді.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай мәлім етті.

«12-13 қыркүйекте Бішкектегі ШЫҰ мемлекет басшылары кеңесіне қатысу үшін Қазақстан Президенті Қырғызстанға барады», - деді вице-министр.

«Бұдан бөлек, Еуропа мен Таяу Шығыс елдеріне, сондай-ақ жыл соңына қарай Африкаға жоғары деңгейдегі сапарлары болады деп күтілуде», - деп толықтырды Қ. Сарыбай.