Үкімет отырысында жылыту маусымына дайындық шаралары туралы баяндаған Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев осындай мәлімет берді.
«Жүйелік оператор бекіткен электр станцияларының негізгі жабдықтарын жөндеу кестесіне сәйкес ағымдағы жылы 8 энергоблокты, 48 қазандықты және 49 турбинаны жөндеу жоспарланған. Түрлі кезеңдерде 4 энергоблокта, 13 турбинада және 15 қазандықта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары 4 қазанда аяқталады», -деді министр.
Нұрлан Ноғаевтың сөзіне қарағанда, биыл жалпы ұзындығы 20 458 км электр беру желілерін, 441 – қосалқы станцияларды, 4315 – тарату пункттері мен трансформаторлық қосалқы станцияларды күрделі жөндеу жоспарланған.