Биыл Қазақстанда 400-ден астам дала өрті тіркелді - ҚР АШМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстанда 429 дала өрті тіркелді. Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылық вице-министрі Ерлан Нысанбаев мәлім етті.

"Биыл өрт қаупі өте жоғары болды. Көктемде ылғал көп болғандықтан, шөп өте қалың шықты. Өрт оқиғалары жиілей түсті, әсіресе елдің бес облысында дала өрті әуреге салды. Бүгінде Қазақстанда 7611 гектар жерде 429 дала өрті тіркелген", - деп атап өтті Е.Нысанбаев.

Вице-министрдің сөзі бойынша, биыл тілсіз жау негізінен Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарын әбігерге салды. Былтыр 570 өрт оқиғасы орын алған. Алайда өрт шарпыған дала аумағы біршама аз болды.