«Есепті кезеңде әкімшілік полиция органдары 930 115 автокөлікті тіркеуге қойды. Аталған көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 14,9 пайызға кем. Оның ішінде 830 392-сі бірнеше рет тіркелгендер үлесінде, яғни бір адамнан екінші адамның атына ауыстырылған көліктер санатына жатқызылды. Бір жыл бұрынғы деңгеймен салыстырғанда 18,6 пайызға төмендеді. Ал алғаш рет тіркелген көлік құралдарының саны артып, 99 723-ті құрады. Бұл көрсеткіш былтырға қарағанда 35,5 пайыз жоғары. Осы көрсеткішке 2020 жылы бастапқы әрі уақытша тіркеуге қойылған Армениядан жеткізілген 15 636 жеңіл автокөлік еніп отыр», - деп атап көрсетілген таратылған мәліметте.
Биылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстан аумағында 44 электромобиль тіркелген.
«ҚазАвтоӨнеркәсіптің» хабарлауынша, есепті кезеңде қайта тіркелген көліктердің үштен екісінен астамын (67,3 пайызы) пайдалану мерзімі 10 жылдан асқан көліктер қамтыған.
Атап айтқанда, 20 жылдан асқандардың үлесі – 343 322 көлік (41,3 пайыз) болса, 11-ден 20 жылға дейінгілер – 25,9 пайыз (215 340 көлік).
Ал 4-тен 7 жылға дейінгілер – 143 857 көлікке (17,3 пайыз), 8-ден 10 жылға дейінгілер – 82 333 көлікке (9,9 пайыз), 1-ден 3 жылға дейінгі көлік саны 39 694-ке жетті. Сонымен қатар, пайдалану мерзімі 1 жылға жетпеген көліктердің үлесі 0,7 пайыз (5 846 автомобиль) болды.