деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Адам саудасымен күрес және ерікті қайтару бойынша департаментінің өкілі Джонатан Мартенстің айтуынша, жылына құл саудагерлерінің қолына 600 мыңнан 4 миллионға дейін адам түседі. Қылмыстық топтардың жылдық пайда кірістері 32 миллиард долларды құрайды. «Адам саудасы есірткі саудасынан кейін табысы бойынша екінші заңсыз бизнес болып отыр. Көбіне мұндай жағдайларға жағдайы төмен отбасылар, кәмелетке толмаған балалар, сонымен қатар мигранттар ұшырайды. Қазақстан географиялық орналасу жағынан Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мигранттарына қолайлы орын болып отыр. Қазақстан азаматтарының көпшілігі араб және түрік елдерінде адам саудасының құрбандары болуда», деді Джонатан Мартенс. Форум барысында адам саудасының құрбандарын құрылыстарда, қара базарларда, үй қызметінде, қайыр сұраушы мен жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлейтіндігі атап өтілді. Адам саудасы, азаматтарды құл ретінде пайдалану, нәпсіқұмарлық әрекеттеріне мәжбүрлеу, тіптен сонау өркениетті делінетін аймақ - Еуропаның өзінде де маңызды мәселеге айналып отыр.
1999 жылдан Халықаралық көші-қон ұйымы адам саудасының құрбандарына ұшыраған азаматтарға көмектесіп келеді. 2002-2009 жылдар аралығында аталмыш ұйымның көмегімен 550 қазақстандық елімізге қайтарылған.