Биыл Қазақстанда алғаш рет Тұңғыш Президент күні мерекесі тойланады
14:20, 28 Қыркүйек 2012
АСТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Биыл елімізде Тұңғыш Президент күні мерекесі алғаш рет тойланады.
Бүгін Астанада еліміздегі ақпараттық саясатты дамытудың маңызды мәселелеріне арналған кеңес барысында сөз сөйлеген ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев осылай мәлім етті.
«Күнтізбелік мерекелер бойынша биыл біз елімізде Тұңғыш Президент күнін алғаш рет мерекелейтін боламыз. Былтыр Парламент 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президенттің сайлауына қатысты осындай шешім қабылдаған болатын», - деді Бағлан Майлыбаев.
Кеңес қорытындысы бойынша БАҚ алдында олардың қызметін жетілдіруге бағытталған бірқатар мәселелер жүктелді. Ондай міндеттердің барлығы ұлттық мүдде мен ел дамуының әлеуметік маңызды бағыттарын қамтымақ.