Биыл Қазақстанда апатқа ұшыраған 25 мың көліктің 900-ден астамы автобустарға тиесілі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы 10 айда елді мекендерде 13 248, халықаралық, республикалық маңызы бар жолдарда - 1 449, облыстық, аудандық маңызы бар жолдарда 836 жол-көлік оқиғалары тіркелді.

«Ең қауіпті Алматы қаласының жолдары болып отыр, онда адамдардың опат болуына және жарақат алуына алып келген 4 709 ЖКО болды, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстанда - 2 836, Алматыда - 1 446, Шығыс Қазақстанда - 1 194 және Жамбыл облысында - 1 049 ЖКО орын алды», - делінген ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің мәліметінде.

Аталған оқиғаларда 25 398 көлік құралдары болған, оның ішінде 22 746-сы жеңіл автокөліктер, 1 061-і оң рульді автокөліктер, 947-сі автобустар мен 741-і жүк көліктері.

Ауа райы деректері құрғақ жол жабынында 12110, сулы жолда 1564 және қар басқан жолда 770 жол-көлік оқиғалары болғандығын көрсетеді.

Атап айтқанда, бұрынғыша ЖКО көбінесе жол жүргізу ережелерін өрескел бұзатын жүргізушілердің кінәсінен (15 226) болған.

Алдыңғы жылмен салыстырғанда ЖКО саны 13,4 пайызға, ондағы қаза болған адамдардың саны 15,2 пайызға төмендегенін атап өту қажет.

Айта кетейік, 2014 жылдың 10 айында елімізде 16 729 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 2 126 адам қаза болды.