Биыл Қазақстанда «Энергия тиімділігі-2020» бағдарламасы әзірленеді

АСТАНА. 31 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанда «Энергия тиімділігі-2020» бағдарламасы әзірленетін болады,

деп хабарлады ҚР ИЖТМ Жаңа технологиялар және энергия үнемдеу департаменті Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру басқармасының бастығы Әлібек Қабылбай www.primeminister.kz сайтына берген сұхбатында.

«1 шілдеге дейін осындай саясатты жүзеге асыруда өнеркәсіптік кәсіпорындарымыз бен энергоресурстарды тұтынушыларға көрсетілетін болатын тиісті мемлекеттік қолдау бағдарламасын әзірлеу қажет», - деді Ә.Қабылбай.

Бұдан басқа ол осы жыл ішінде «Энергия үнемдеу жөніндегі бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленетіні хабарланды.