«Қазақстанда құс шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Қазіргі кезде елімізде 56 құс фабрикасы бар. Былтырмен салыстырғанда, биыл құс өсіру саласының барлық көрсеткіші бойынша оң қарқынды байқап отырмыз», - деді А. Сапаров.
Оның айтуынша, мемлекеттік қолдау шараларының арқасында тауық жұмыртқасымен қаматамасыз ету көрсеткіші 101 пайыз болған.
«Құс еті бойынша қамтамасыз ету деңгейі 50-ден 65 пайызға дейін артты», - деді вице-министр.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан құс өсірушілері одағының президенті Руслан Шәріповқұс жемінің қымбаттауына байланысты құс өсірушілер қиындыққа тап болғанын айтты.
«Құс жемінің бір тоннасы 180-190 мың теңгеге жетті. Құс еті мен жұмыртқаның өзіндік құнында 70 пайызы жемнің бағасына қатысты болады. Егер құс жемі арзан болса, онда біздің өнім де нарыққа төмен бағамен шығады», - деді Р. Шәріпов
Қазақстанның құс өсірушілері осы салаға мемлекеттік қолдау жасауды сұрап отыр.