«Сондай-ақ ұсақ құқықбұзушылықтарды анықтау да артты, ол өткен жылдың 7 айымен салыстырғанда (729 468) 64,2 пайыз өсіп, 1 198 219-ды құрады. Осы жылы миллионнан астам адам алғаш рет құқық бұзса, тағы да миллионға жуық жуық іс қайталама белгілерімен рәсімделді»,- делінген ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметінде.
Әкімшілік субъектілерінің практикасында айыппұл салу - 1,5 есе, ескерту - 1,3 есе артып, сондай-ақ соттар шетелдіктерді әкімшілік жолмен аластату туралы былтырғыдан 2,8 есе көп шешім шығарған.
Сонымен бірге, әкімшілік қамаудың қылмыстық қылыққа ауыстырылуына байланысты оған тартылған адамдардың 1,3 есе азайғаны байқалады.
Әкімшілік өндірістің қысқартылған тәртібінің, яғни, құқық бұзған адамдардың өз кінәсін бұлтарыссыз мойындап, көрсетілген айыппұл сомасының 7 тәулік ішінде 50 пайызын ғана төлеуінің енгізілуі мемлекет қазынасына 3 млрд. теңге қосты.
Жалпы 13 млрд. теңге немесе 38,8 пайыз әкімшілік айыппұл өндірілді.
Сонымен бірге, үстіміздегі жылы өткен жылға тиесілі айыппұл жөніндегі 30 мыңға жуық қаулының орындалуы барысында 3 млрд. теңге қайтарылды.
Жалпы осы өткен кезеңде әкімшілік айыппұлдарды төлеу есебінен мемлекет бюджетіне 16 млрд. астам теңге өндірілді.