«Қазіргі кезде электр, жылу және сумен жабдықтау желілерінде нормативтік ысыраптар деңгейінің жыл сайын төмендеу үдерісі байқалады. Нормативтен тыс ысыраптар жыл соңына дейін толық жойылады», - деді ол.
Сонымен қатар агенттік басшысының атап өтуінше, жүргізілген жөндеу жұмыстары әрі жабдықтарды жаңарту, ұйымдастыру шараларының нәтижесінде жылу энергиясын өндіруге арналған отын шығысы да едәуір төмендетілген. Статистикалық деректерге қарағанда, соңғы 10 жылдың ішінде отын шығысы 2 еседен астамға қысқарған.
Дегенмен монополия субъектілерінің негізгі құрал-жабдықтарының тозуын айқындайтын бірыңғай тәсілдің болмауы салдарынан өңірлердегі деректер ала-құла екендігін баса айтқан М.Оспанов: «Осыған байланысты объективті әрі шынайы ақпарат алу үшін салалық министрліктерге агенттікпен бірлесіп, тозуды анықтауға арналған тиісінше әзірлеме дайындау ұсынылады», - деді.