«Жалпы, құтқарушылардың жұмыс саласы әр маусымға бөлінеді. Осы маусымда жүргізіліп жатқан шаралардың маңызы өте зор. Төтенше жағдайлар комитетінің бөлімшелері барлық профилактикалық шараларды қабылдап жатыр. Қазіргі кездегі өзекті проблемалар қатарына улы газ, өрт және мұз үстіндегі қауіпсіздік қағидаларын сақтамау еніп отыр. Осындай қауіпті жағдайға ересектер де, балалар да ұшырауы мүмкін. Статистикалық мәліметтерге көз жүгіртсек, 2016 жылдың 10 айында тұрғын секторда жеті мыңнан астам өрт орын алды, өкінішке қарай оның салдарынан 223 адам, соның ішінде 29 бала көз жұмды. 327 адам жарақат алып, күйікке ұшырады, оның 49-ы - балалар. Атап айтқанда, 657 адам (125 бала) құтқарылды»,-деді ресми өкіл.
Р. Иманқұловтың сөзіне қарағанда, тек ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен бастап тұрғын секторда улы газ бен өрттердің салдарынан 48 адам көз жұмды.