Биыл Қазақстанда полимерлерді өндіретін зауыт іске қосылады - В. Школьник
«Отандық мұнай-газ химиялық өнеркәсібі қалыптасу кезеңінде. Ақтау битум зауытының пайдалануға берілуінен автожол саласын отандық битуммен қамтамасыз ету бойынша проблема толықтай шешілді. «Самұрық-Қазына» қоры «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы аумағында газ шикізатын қайта өңдеу бойынша екі ірі жобаны іске асыруда. Яғни, бұнда жылына 500 мың тонна полипропиленді және 800 мың тонна полиэтиленді шығару көзделген. Ағымдағы жылы сонымен қатар 300 жұмыс орнын құра отырып, полимер өнімін шығаратын зауыт іске қосылады»,-деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта құру аясында ароматикалық көмірсутектерді шығару бағытында кешен құрылысының жобасы жүзеге асырылуда. Мұнымен қоса осында жоғары октанды бензин өндіру жоспарланған.