Атап айтқанда, 2014 жылғы маусымда тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелерінің саны 12 806-ны құрады және өткен аймен салыстырғанда бұл көрсеткіш 7 пайызға өсті.
2014 жылғы қаңтар-маусымда тұрғын үйді сатып алу-сату келісімдерінің көлемі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 14,8 пайызға азайды.
Маусымда баспана саудалаудың жоғары көрсеткіштері Алматы қаласында (1 530), Шығыс Қазақстан (1 394 келісімшарт), Қарағанды (1 349), Оңтүстік Қазақстан (1 205) және Алматы (1 122) облыстарында тіркелді.