«Ағымдағы жылы үшінші сыныпты бидай бағасы 42 мың теңгеден төмен болмайды. Бұндай баға деңгейі кездейсоқ қойылып отырған жоқ әрі оны әкімшілік жолмен бекіту немесе ұстап тұру да мүмкін емес. Ал бұл бағаның қалыптасуына негізінен астық өнімін дұрыс жоспарлау, яғни оған тиімді сұраныс нәтижесінде орын алады», - деді Асылжан Мамытбеков.
Оның сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы Қазақстанның ішкі нарығындағы бидай бағасы әлемдік деңгейден жоғары болып отыр. «Бұның өзі бұған дейін тереңконтинентальдық орналасу факторы елімізге жағымсыз әсер тигізіп келсе, оны жағымды жаққа қарай бұруға болатынын көрсетеді. Сонымен қатар, біз астық сатып алатын көршілес елдеріміздің сұранысын да орынды пайдалануға тиіспіз, ол елдерге Қазақстаннан басқа нарық алыста орналасқан», - деді А. Мамытбеков.