Биыл Қазақстанда жаңаратылатын энергия көздерінің 10 нысаны іске қосылады
Белгілі болғандай, 2019 жылдың басынан бері қуаты 147,6 МВт-ны құраған жаңартылатын энергия көздерінің 7 нысаны іске қосылды.
«Осы арқылы, бүгінде елімізде жалпы қуаты 678,6 МВт-ны қамтыған жаңартылатын энергия көздерінің 74 нысаны жұмыс істеп тұр. Жыл соңына дейін 236 МВт қуатымен тағы да 10 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сәйкесінше, бұл нысандар санын 2020 жылы 95-ке (1483 МВт) және 2021 жылы 119-ға (2096 МВТ) жеткізу жоспарланып отыр», - деді Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.
Айта кетейік, 2018 жылдың қорытындысы аясында жаңартылатын энергия көздері бойынша елімізде 67 нысан болды, олардың жалпы қуаты 531 МВт-ны құрады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, министр 2025 жылға дейін елімізде электр энергиясы профициті болатынын айтты.