«2013 жылдан бері санағанда, түрмедегі адамдардың саны 21 пайызға азайған. Түрмеде отырған адамдардың саны азайғандықтан, биыл жеті түзету мекемесін жабу жоспарланып отыр. Ал, осылайша үнемделген бюджет қаражаты мен штат қызметкерлерін пробация қызметін дамытуға жəне ілкі жоба ретінде электронды браслеттер енгізу жобасын бастауға жұмсау көзделіп отыр», - деп хабарлады М.Бекетаев.
М.Бекетаевтың хабарлауынша, қазір «қылмыстық тəртіп бұзушылықтар картасы» атты жоба жүзеге асырылуда. Қазірдің өзінде халық Астана, Алматы, облыс орталықтары мен 21 моноқалада жасалған қылмыстар туралы ақпарат ала алады.