АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы Қазақстанда жұмыссыздық еңгейі 5 пайыз деңгейінде сақталады. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметі отырысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.
Министрдің атап өтуінше, «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асырудың аясында 167 мың адам мемлекеттік қолдауға ие болып, жұмыс істеуге жәрдем алды.
«Барлық шаралардың еңбек нарығындағы ахуалға оң ықпалы бар. Мәселен, Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтеріне сәйкес, ағымдағы жылдың 1 тоқсанының қорытындысында жұмыссыздық деңгейі 5 пайыз деңгейінде сақталды», - деді ол.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.