«Кеше ғана Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары басшылығының қатысуымен кеңес өтті. Бұл мәселені біз қарастырдық. Бүгін ресми түрде мәлімдей аламын, яғни Азық-түлік келісімшарт корпорациясы сатып алатын арпа көлеміне бағаны белгілеудеміз. Бүгіннен бастап екінші санаттағы арпа құны тоннасына 37 мың теңге болып белгіленді»,-деді ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
Ал бидай бағасы мен сатуға жоспарланған өнім көлеміне қатысты нақты мәлімет 1 қыркүйекке қарай белгілі болмақ.
«Ең бастысы, бидайдың сапасы күрт артады деп болжап отырмыз. Егер де былтыр үшінші санаттағы бидай 44 пайыз болса, биыл оның үлесі 63-65 пайызға жетті»,-деді ол.
Ресейлік БАҚ мәліметтеріне қарағанда, өткен аптаның қорытындысы бойынша РФ аумағында астық шығымдылығының жоғары болуына байланысты өнім бағасы төмендеген.