Биыл қазақстандық әуекомпаниялар 2,7 млн жолаушыны тасымалдады - министрлік
22:00, 05 Мамыр 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биылғы жылдың алғашқы үш айында қазақстандық әуекомпаниялар 2,7 млн адамды тасымалдаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, биыл бірінші тоқсанда қазақстандық әуекомпаниялар 2,7 млн жолаушыны тасымалдаған. Ал, осы аралықта отандық әуежайлар шамамен 5 млн адамға қызмет көрсетті. Жылдың алғашқы тоқсанында тасымалданған жүктер көлемі - 5,9 мың тонна.
Еске салайық, Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов 2022-2023 жылдары рейсті кешіктірген әуекомпанияларға жалпы сомасы 25,2 млн теңгені құрайтын 9 әкімшілік айыппұл салынғанын мәлім етті.
Қоса кетсек, таяуда әуе арқылы жүк тасымалдайтын ірі Cargolux компаниясының ұшақтары Қазақстанға рейс жасап бастады.