«2013 жыл бойы 2 желтоқсандағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы саласында ірі қара малдың 8307 басы әкелінді. Бұл ретте «ҚазАгро» холдингі қаражаты есебінен 7694 мал басы сатып алынған, қалған 613 мал басы фермерлердің қаражаты есебінен сатып алынған.
Бұдан бөлек, 18,7 мың мал басын импорттауға өтінімдер мақұлданды, 4,4 мың мал басына өтінімдер қаралуда», - делінген баспасөз баянында.
Сонымен қатар, төл өсімін арттыратын мал сатып алуға қатысты 11 айда аналық ірі қараның 48,5 мың басы және 2,7 мың асыл тұқымды бұқа сатып алынған.