деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның ішінде 8-і Олимпиадалық жарыстардың жеңімпаздары. Бұған дейінгі уақытта бізде жыл сайын ары кеткенде 3-4 әлем чемпионы шығатын еді.
«Еліміз қазір ЕҚЫҰ-на басшылық етіп отырған кезеңде біздің спортшылар да халықаралық жарыстарда өздерін жақсы қырларынан көрсете білуі керек. Бұл ретте Елбасымыздың өзі айтқандай, бұқаралық спортты 16-дан 30 %-ға дейін көтеру үлкен маңызға ие болып отыр», деді министр.
Оның айтуынша, соңғы уақыттары халықтың спортпен шұғылдану көрсеткіштері де айтарлықтай жақсарып келеді. Жақында өткен Спорт күні мерекесінде 6 жарым мыңнан астам мерекелік шаралар ұйымдастырылған.