«Біз жылда қажылық маусымы біткеннен кейін бүкіл туристік фирмаларды шақырып, нәтижесін шығарамыз. Сондай-ақ қажылық аяқталған соң Сауд Арабиясының Қажылық министрі мені шақырып, Қазақстандағы алдағы кезеңдегі қажылықты ұйымдастыру мәселесін талқылайды. Қажылыққа қанша квота сұрайсыздар дегендей. 25 сәуір мен 1 мамыр аралығында Меккеде болдым», - деді Әбсаттар Дербісәлі.
Бас мүфтидің айтуынша, биыл Қазақстан 5 мың квота сұраған. Осы арада кейбір жамаған квоталар тегін таратылады деп ойлайды, ол қате түсінік. 5 мың квота, яғни Сауд Арабиясы қажылыққа Қазақстаннан 5 мың адамды қабылдайды деген сөз. Жалпы Қазақстаннан 1994 жылы қажылыққа 170 адам барса, былтыр бұл сан 4097 адамды құрады. Ал жатын орын, ас-су, көлік мәселесімен әлемдік тәжірибе бойынша туристік фирмалар айналысады. Сауд Арабиясында қажылық кезінде бір қаладан екінші қалаға бару үшін қажылар жергілікті туристік фирмаларға тіркеледі.
13:57, 16 Шілде 2012
Биыл Қазақстаннан қажылыққа 5 мың адам барады
АЛМАТЫ. 16 шілде. ҚазАқпарат - Биыл Сауд Арабиясы Қазақстанға қажылыққа 5 мың квота бөлді. Бұл жайлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Орталық Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі бүгін Алматыда қасиетті Рамазан айына арналған баспасөз мәслихатында айтты.