«Батыс Қазақстан облысында қар деңгейі өткен жылға қарағанда үш есе артық, ал Атырау облысында екі жылдық норма түсті»,- деді министр. Бұдан бөлек, В.Божко биыл Сырдария, Арыс, Жайық, Шаған, Қаратал, Лепсі, Тобыл өзендерінде су деңгейлері көтерілуі мүмкін. Сонымен қатар ол биылғы қыстағы төтенше жағдайларға тоқтала келе, жыл басынан бері Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында қар құрсауынан 1655 адам құтқарылғанын атап өтті.
Министрдің сөзіне қарағанда, қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәліметіне қарағанда, еліміздің Оңтүстік өңірінде наурыздың алғашқы онкүндігінде ауа температурасы 10-16 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.