ҚР Экономикалық даму және сауда вице-министрі Тимур Жақсылықов бүгін Алматыда өтіп жатқан министрлік жанындағы Экономикалық ықпалдастық мәселелері бойынша жедел штабтың алғашқы отырысында осылай мәлім етті.
«Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу үдерісі биыл толық аяқталады. Қазір жүйелік және ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша келіссөздер жалғасуда. Сондай-ақ жұмыс тобының ақтық баяндамасының нұсқасы әзірленуде», - деді Т. Жақсылықов.
Оның айтуынша, қарашаға дейін бұл келіссөздер аяқталып, жұмыс тобы баяндамасының ақырғы нұсқасы дайын болады деп жоспарлануда.
«Бизнес ДСҰ-ға кіруде біздің қабылдаған міндеттемемізге дайын емес деген бос сөз. Мөлшерлеме бойынша негізгі келіссөздер 2003-2006 жылдары өтті. Онда біз бизнестің ұстанымын белгілеп, барлық тауарлық ұсыным бойынша кәсіпкерлер қауымдастықтармен келіскен болатынбыз»,-дейді ол.