Биыл «Қазақтелеком» 400-ден астам ауылға интернет тартады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алдағы екі жылда 2,5 млн ауыл тұрғыны интернет игілігіне қол жеткізеді. Бұл туралы «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының бас қаржы директоры Асхат Өзбеков БАҚ өкілдерімен өткен брифингте айтты.

Асхат Өзбеков«Қазақтелеком» тарапынан «Ауылдық жерлерде талшықты-оптикалық байланыс желілерінсалу» атты жоба дайындалып жатқанын айтады. Осы жобаның арқасында келесі жылдыңаяғына дейін 800-ден астам ауыл интернетке қосылуы тиіс.

«ЦифрлықҚазақстан» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерде оптикалық-талшықтыбайланыс желісін салу жобасы біздің компания үшін стратегиялық мақсаттың бірісаналады. Өткен жылы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен осымақсатта мемлекеттік-жекешелік әріптестікшарты жасалған болатын», - деген Асхат Өзбеков осы жоба аясында 15 мыңшақырымнан астам оптикалық-талшықты магистраль салынатынын айтты.

«Келесі жылдыңсоңына дейін 800-ден астам шалғай ауылды интернетке қосу жоспарланған. Ал биыл400-ден астам ауылдық елді мекенде интернет желісін қосу жоспарланып отыр», -деді Асхат Өзбеков.

Соңғы жаңалықтар