Баспасөз қызметіне келтіргендей, қала әкімдігінің мәліметі бойынша биылғы жылы Көкшетаудағы Васильковка шағын ауданында 11 тұрғын үй ауласын жөндеу үшін бюджеттен 400 миллион теңге бөлінді.
Бүгін аталған аулалардың бірінде болған облыс әкімі Сергеу Кулагин күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.
Мердігер «Көкшетау автожол» ЖШС директоры Виталий Люлевичтің айтуынша, осы күні №1, №1а және № 3 тұрғын үй аулаларында жөндеу жұмыстары аяқталған. Мұнда жаяулар жолы, балалардың ойын алаңы, демалатын алаңдар орнатылды.
Сонымен қатар, жол шетінде шағын сәулет ескерткіштері мен ағаш отырғызу да жоспарланған. «Аулаларды жөндеу жұмыстары кезінде міндетті түрде тұрғындармен ақылдасып, пікірлеріне құлақ түру қажет. Тұрғындардың оған құқысы бар. Адамдардың аулада өздерін жайлы сезініп, таза ауада демалуы үшін ағаштарды көптеп отырғызу қажет», дей келе облыс әкімі мердігерлерге жөндеу жұмыстарын мерзімінде әрі сапалы орындауды тапсырды.
Сонымен қатар, аймақ басшысы Капцевич көшесінің бойында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен де танысты. Аталған көшені жөндеу үшін 805,9 миллион теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстарын қыркүйек айында аяқтау жоспарланған. Одан әрі облыс әкімі Горькийден Кенесары көшелерінің аралығындағы Әуезов көшесінің 579,7 шаршы метр аумағы, Кенесары көшесінен Краснояр селосы бағытындағы аумағы 7,6 мың шаршы метр жол аралығындағы жөндеу жұмыстарына көңіл бөлді.
Бұған қоса Әуезов көшесінен Краснояр ауылына баратын жолды жөндеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта Набережная мен Ж.Тәшенов, Ж.Тәшенов пен Горький көшелерінің аралығы жөнделуде. Жұмыс соңында аймақ басшысы Көкшетау қаласында жақында ғана құрылысы аяқталған 179 пәтерлі көпқабатты «Капитал» тұрғын үй кешенінде де болды. Аталған кешенде паркинг және өзгеде нысандар қарастырылған. Кешеннің құрылысы 2014 жылы қолға алынып, биыл аяқталып отыр.
20:24, 20 Шілде 2016
Биыл Көкшетауда 11 тұрғын үй ауласы күрделі жөндеуден өтпек (ФОТО)
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Биыл Көкшетауда 11 тұрғын үй ауласы күрделі жөндеуден өтпек. Бұл туралы Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.