Аймақ басшысы Сергей Кулагин аталған үйлерде болып, лифтіні жөндеу жұмыстарымен танысты.
Горький 23 мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үйде болған облыс әкімі жұртшылықпен кездесіп, сауалдарына жауап берді. Тұрғындар негізінен аймақ басшысына жөнделген лифтілері үшін алғысын білдірді.
Жөндеу жұмыстарын «Еңбек Көкшетау» коммуналдық кәсіпорны қолға алып, осы мақсатта 61 миллион теңге қаржы бөлінген. Сонымен қатар, бұл қаржығаАбай көшесінің бойындағы №133, №135 және №131 көпқабатты тұрғын үйлердің лифтілері де жөнделмек.
Айта кету керек, соңғы үш жылдың ішінде облыс орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлердің лифтілерін жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биылғы жылдың өзінде Көкшетау қаласындағы 4 үйдегі 16 лифтіні қалпына келтіру көзделген. Қазіргі кезде, 2 көтеру қондырғысы жөнделді. Жыл соңына дейін тағы 14 қондырғы тапсырылатын болады. .
Еске сала кетейік, ағымдағы жылы Көкшетау қаласындағы лифті шаруашылығын жаңғырту үшін облыстық бюджеттен 115 миллион теңге қаржы бөлінген.