Биыл Қостанай облысы жол салуға 19 млрд-қа жуық теңге бөлді - А.Мұхамбетов

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы биыл жол құрылысына 18,9 млрд бөліп отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің аймақтық филиалында облыс басшысы Архимед Мұхамбетов мәлім етті.

«Биыл облыстың жолдарын салуға 18 млрд 900 млн теңге  теңге бөлінді. Оның ішінде 8 млрд теңгеге жуық қаржы облыс орталығының жолын салуға жұмсалады. Мен мәлімдеп отырған бұл цифр аз да болса артуы мүмкін, себебі, жеке инвесторлар бірқатар жаңа жолдар салуды жоспарлап отыр»,-деді әкім.

А.Мұхамбетовтің айтуынша облыс орталығының 18 көшесі жөндеуден өтеді, соның ішінде 5 көшенің жолын жаңа технология бойынша жөндеу жоспарланып отыр екен.