Кешенді бағдарлама аясында ағымдағы жылы 30 мың шаршы метр жолда пайда болған шұңқырларды жөндеу жоспарланған. Бүгінгі күні жылдық жоспардың 30 %-дан астамы орындалды.
«Сонымен қатар, жолшылар 800 дана жол белгісін орнатады, 1900 шақырым қашықтыққа жол белгілерін салады. 2 мың метр қоршау жөнделеді. Сондай-ақ, көктемгі-жазғы кезеңде 613 км орман жолақтарын жырту бойынша жұмыстар жүргізіледі» делінген хабарламада.