«Қазіргі уақытта ҚР ҰЭМ халықаралық қаржы ұйымдарымен бірге институтциялық жобаларды жүзеге асыруға кірісті. 2015 жылы ТКШ, электр энергетикасы, ШОБ қолдану үшін несие желілерін ұсыну саласындағы 33 бірлескен жобаны жүзеге асыруды бастау жоспарланған», делінген хабарламада. Ведомствода мәлімдегендей, Министрлік жұмысы басымдықтарының бірі биылғы жылға құрылымдық реформалар өткізу болмақ. Жалпы, 2015 жылы ҰЭМ қызметі Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді орындауға, сондай-ақ экономиканы тұрақты дамыту және елдегі әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін ҚР Үкіметінің тапсырмаларын уақытылы және тиімді орындауға бағытталады.
13:42, 17 Ақпан 2015
Биыл ҚР ҰЭМ халықаралық қаржы институттарымен бірге 33 жобаны іске қосады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрлігі 2015 жылы халықаралық қаржы ұйымдарымен бірге 33 институтциялық жобаны жүзеге асыра бастайды, деп хабарлады primeminister.kz ҚР ҰЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.