«Электр энергиясын өндіру секторында осы жылдың 10 айы ішінде қуаты 402 МВт болатын 14 жаңартылатын электр энергиясы нысаны іске қосылды. Жылдың соңына дейін қуаты 104,8 МВт жаңадан 4 жаңартылатын электр энергиясы нысаны іске қосылатын болады», - деді ол.
Оның дерегінше, жаңартылатын энергия көзінің электр энергиясын өндіру көлемі осы жылдың 10 айы ішінде 1,7 млрд кВт/сағ құрады. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 65 пайызға көп. Электр энергиясын өндіру көлеміндегі жаңартылатын электр энергиясының үлесі 2 пайызға жетіп отыр .
«Жалпы, республика бойынша 2018 жылмен салыстырғанда жаңартылатын энергия көзі нысандарының саны 2019 жылы 20 нысанға, яғни 67-ден 87-ге, ЖЭК нысандарының жиынтық қуаты 1,9 есеге, 2018 жылғы 537 МВт-тан 2019 жылы 1042 МВт-қа дейін артты», - деді Махамбет Досмұхамбетов.