«Жақында жергілікті сайлау өтеді. Референдум өткізу белгіленді, оны біз де әділ өткіземіз. Күзде парламент сайлауы өтеді», - деді ол.
Қазіргі депутаттық корпустың өкілеттік мерзімі өткен жылдың қазан айында аяқталды.
Алайда, парламенттік сайлаудан кейін басталған наразылықтар олардың нәтижелерінің жойылуына, сондай-ақ президент Сооронбай Жээнбеков пен Үкіметтің отставкаға кетуіне әкелді.
Нәтижесінде алдыңғы шақырылымдағы депутаттар өздерінің қызметтік міндеттерін атқаруды жалғастырған болатын.
Өткен жылдың соңында олар «2021 жылдың 1 маусымынан кешіктірмей» жаңа парламент сайлауын өткізуді көздейтін заң қабылдады.