«2020 жылдың бюджетіне тиісті түзетулерді жақын арада даярлауды жоспарлап отырмыз. Шамамен қыркүйек айының соңында және қазан айының басында Мәжіліске енгіземіз», - деді министр Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында.
Осы орайда Е. Жамаубаев түзетулерде Мемлекет басшысының тапсырмалары ескерілетінін атап өтті.
«Жолдауда қамтылған Президенттің барлық тапсырмалары биылдың бюджетінде және 2021-2023 жылдардағы үшжылдық бюджетте ескеріледі», - деді министр