Қырғызстанның Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, биылғы жылдың бірінші жартысында елге шет мемлекеттерден 2,6 млн адам келген, оның 2,5 миллионы (97%) – ТМД елдерінен келген туристер. Олардың ең көбі Өзбекстан, Қазақстан және Ресей азаматтары.
ТМД-дан тыс елдерден келген қонақтар ағыны да екі есе өсіп, 74 мыңнан астам адамды құраған. Соның ішінде негізінен Түркия, Германия, АҚШ, Үндістан, Қытай, Моңғолия және Сауд Арабиясының азаматтары бар.
Бұған дейін хабарланғандай, мамыр айынан бастап Қырғызстан республикаға келетіндер үшін коронавирус пандемиясына байланысты барлық шектеулерді алып тастады.