Қала әкімдігінен мәлім еткендей, тегін ыстық тамақпен 30 мыңға жуық бала қамтылмақ.
Айта кетейік, биыл елорданың мектеп табалдырықтарын алғаш рет 6449 бүлдіршін аттады, олардың былтырғы саны - 7436 болды.
2009-2010 оқу жылының соңында білім беру саласында жұмыс істейтін педагогтардың саны 8282-ні құрады.
Сондай-ақ, Астана қаласында білім беру саласын қаржыландыру жылдан жылға артып келе жатқанын атап өткен жөн. Мәселен, 1998 жылы бұл салаға 2 миллиард теңге бөлінген болса, ағымдағы жылы қаржыландыру - 11 миллиард теңгені құрады.
Биылғы оқу жылының бағдарламасындағы жаңашылдық - «Өзін-өзі тану» міндетті пәнінің енгізілуі. Пән аптасына бір рет өткізілетін болады. Бүгінгі күні барлық білім беру мекемелері аталмыш пән бойынша үйрету-әдістемелік кешендермен толығымен қамтамасыз етілді.