Биыл Қызылорда облысында 26 елді мекеннің 114 көшесі жөндеуден өткізіледі

ҚЫЗЫЛОРДА. 20 мамыр. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Биыл Қызылорда облысында 26 елді мекендегі 114 көше жөндеуден өткізіледі. Бұл туралы әкімдік мәжілісінде айтылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен дағдарыс кезеңіне қарамастан қолға алынған «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізі мегажобасы Сыр елінің экономикасын көтеруде және индустрияландыруда ең үлкен қозғаушы күш болып отыр. «Жоба мүмкіндігін пайдалана отырып, биыл 26 елді мекендегі 114 көшені жөндеуден өткіземіз. Бұл мақсатқа 1 млрд. теңге бөлінді. 2012 жылы бұл жұмыстарды әрі қарай жалғастыра отырып, қаржыны 2 млрд. теңгеге жеткізетін боламыз», - деді мәжілісте аймақ басшысы.