Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, республика бойынша 42 569 өтініш келіп түскен.
Ең көп таңдалған білім салалары:
- Педагогикалық ғылымдар;
- Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары;
- Бизнес, басқару және құқық.
Кешенді тестілеудің күні, уақыты және орны жайлы ақпарат жеке кабинетіңіздің «Менің іс-әрекетім» бөлімінде 18 шілдеде жарияланады.
Айта кетейік, тестілеуге жеке басын куәландыратын құжатпен кіргізеді (жеке куәлік немесе паспорт).