Ведомство жариялаған мәліметке сәйкес, 2022 жылғы мамырда Қазақстанның тауар экспорты 7,7 млрд АҚШ долларын құрады.
Мұндай айлық экспорт көлемі 2014 жылғы ақпаннан бері болмаған. ($7,9 млрд).
Мұнай, металл және ауыл шаруашылығы өнімдерінің тұрақты жоғары бағасы Қазақстанға 5 ай ішінде $34,2 млрд экспорттық пайда әкелді.
Бұл өткен жылғы 5 айлық көрсеткіштен 59%-ға немесе $12,7 млрд-қа артық, деп хабарлап отыр ERI сарапшылары.
Қазақстанның экспорттық сатылымы өсті:
Мұнай - 91% немесе $9,6 млрд
Ферроқорытпа - 61% немесе 529 млн
Мыс катодтары - 25% немесе 318 миллион долларға
Бидай - 61% немесе 322 млн
Уран - 2,6 есе немесе $497 млн
Күкірт - 3,3 есе немесе $238 млн.
Аталған тауарлар ел экспортының 90% өсуін қамтамасыз етіп, жиынтығында $11,5 миллиардтық өсімді көрсетті.
Ұн (+$135 млн), күкірт (+$238 млн) және сұйытылған газ (+$94 млн) экспорты көлемінің өскенін атап өтеміз.
Елдер бөлінісінде экспорт өсті:
Италияға - 2,9 миллиард долларға
Қытайға - $ 1,5 млрд
Оңтүстік Кореяға - $1,3 млрд
Түркияға - $1,1 млрд.
«Жалпы Еуроодаққа жеткізу $5,8 млрд-қа және Азия елдеріне $5,2 млрд-қа өсті, бұл екі бағыт қазақстандық экспорттың 87% өсімін қамтамасыз етті. Ал еліміздің ЕАЭО елдеріне экспорты қаңтар-мамырда 0,9%-ға төмендеді», - дейді министрліктен.