«Мәуліт мерекесі бүкіл Қазақстанда 1 ай бойы тойланады. Кейбір елдерде Мәуліт айы 2 ай бұрын тойлана бастаса, тағы бір елдерде ол Мәуліт айы біткен соң да 2 ай бойы жалғаса береді. Ол халықтың дінге құрметі, пайғамбармызға деген сүйіспеншілігі», - дейді Әбсаттар қажы.
Бас мүфтидің айтуынша, мешіттен басталатын Мәуліт мерекесі кезінде бірлік, ынтымақ туралы айтып, пайғамбардың өмірі жолын насихаттау керек. Биылғы Республика сарайындағы Мәуліт мерекесі кезінде Діни басқарма символикалық түрде ғана 200 теңгеден билет тараттық. Одан түскен қаржы бұл басқосудың соңында арнайы шақырылған бірнеше жетім балалар үйлерінің директорларына табыс етілетін болады. Бұл ізгілікті іс туралы ақын Бейбарыс Шойбеков те «Мәулітке арнау» өлеңінде - « Концерт көріп, садақа беріп қайтсаң, Бола ма бұдан асқан сауапты іс» деп атап өткен болатын. Оған жиналған жұрт түсіністік білдіріп, өз ықыласын қошеметпен білдірді.
12:46, 02 Ақпан 2013
Биыл Мәуліт мерекесі Республика сарайында ресми түрде 13-ші рет атап өтілуде - Бас мүфти
АЛМАТЫ. 2 ақпан. ҚазАқпарат - Алматыдағы Орталық мешітте жұма күні 10 мың адам жиналып Мәуліт жырын айтты. Оны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі бүгін Республика сарайында өтіп жатқан Мәуліт мерекесі кезінде айтты.