«Негізгі капиталға 6,1 трлн теңге сомасында инвестиция тартылды. 13 өңір өсім көрсетті. Ең жоғары өсім Ақмола (29,7%-ке), Солтүстік Қазақстан (18,8%-ке), Түркістан (18,7%-ке) облыстарында және Шымкент қаласында (23,4%-ке) байқалады. 4 өңірде төмендеу тіркелді. Бұл Қызылорда (-37,1%), Атырау (-19,9%), Батыс Қазақстан (-9,2%), және Қарағанды (-9,2%) облыстары», - деді министр.
Сонымен қатар ол құрылыс 6,3 пайызға ұлғайғанын жеткізді. Құрылыс жұмыстарының жоғары өсуі Шымкент қаласында (58,9%-ке) және Түркістан облысында (52,8%-ке) байқалады.
«7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,5 пайызға көп», - деді Р. Дәленов.