Биыл Нұр-Сұлтанда 7 компания көмір сататын болады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде өткен брифингте алдағы жылыту маусымына дайындық барысы баяндалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еластанасының жылыту маусымына дайындығы қай деңгейде екенін Нұр-Сұлтан қаласыныңотын-энергетикалық кешен және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысыЕрбол Төлеуов айтты.

«Халықтыжылыту маусымы жақындаған тұста дүрбелең туғызбас үшін қажет көмірді жазортасында қамдауға шақырамыз. Елорда бойынша көмір сатумен айналысатын 7 ірікомпания бекітілді. Олардың бәрімен бағаны көтермеу бойынша меморандумға қолқойдық. Көмірдің әр тоннасы сапасынақарай 12-14 мың теңгеден сатылады деген меже бар. Ендігі мәселе көмірді кен орнынан жеткізетін«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы мен көмір өндіруші кәсіпорындарғабайланысты. Олар бағаны көтермесе, жылыту маусымының аяғына дейін осы бағасақталады», - деді басқарма басшысы.

Қазіргітаңда аталған 7 компанияның қоймасына 19007,2 тонна көмір әкелінген. Былтырелорда тұрғындары мен жылу қазандықтары 420 мың тонна көмір тұтынған екен.

Биылғымаусымда көмір сатушы компаниялардың тізімі төмендегідей:

Герцен к.,6/2 мекенжайы бойынша «Магнит 21 век» ЖШС, Герцен к. 6Б мекенжайы бойынша«Айтқожынова» ЖК, Дулатов к. 182/1 мекенжайы бойынша «Умар KZ» ЖШС, Жұбанов к.35 мекенжайы бойынша «Бек Айда» ЖШС, Герцен к. 4/1 мекенжайы бойынша«Северэнергоугольснаб» ЖШС, Көктал 28/1 мекенжайы бойынша «Жігер Астана» ЖШС,№40 станса мекенжайы бойынша «Сабина» ЖШС көмір сатады.

Соңғы жаңалықтар