«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның негізгі міндеттерінде 7 мың шақырым жолдың құрылысы мен қайта жаңғыртылуы, 6,5 мың шақырым жолға кезең-кезеңімен ақылы жүйені енгізу, транзиттік контейнер тасымалын 2 млн контейнерге дейін, транзиттік әуе жолаушылар ағынын 1,6 млн адамға дейін арттыру және транзиттік тасымал кірісін 4 миллиард АҚШ долларына дейін көтеру көзделген»,- деді ол.
Министрдің дерегінше, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері 2015-2016 жылдары республикалық маңыздағы 2 мың шақырым автожолдың құрылысы жүргізіліп, қайта жаңғыртудан өтуде. Оның 1,3 мың шақырымы пайдалануға берілген.
«Атап айтқанда, Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзиттік дәлізі, Астана - Теміртау, Алматы - Қапшағай және Көкшетау -Петропавл учаскелері толық аяқталды. Ағымдағы жылы мемлекеттік бағдарлама аясында жалпы ұсындығы 4,4 мың шақырымды құрайтын 22 автожол жобасын жүзеге асыру көзделген. Жобаны жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан, Республикалық бюджеттен және халықаралық қаржы институттарынан 356 млрд теңге қарастырылған», - деді Жеңіс Қасымбек.