Бұл туралы Қазақстанның ұлттық телекоммуникациялық қауымдастығының президенті Асылбек Хайрушев бүгін Алматыда өтіп жатқан Kitel'12конференциясында мәлімдеді.
«FTTx пен FTTH технологиялары пайдаланылған интернет желілері Астана, Алматы, Қарағанды, Жезқазған, Шымкент, Тараз, Қызылжар, Көкшетау қалаларында ұсынылды. 2011 жылы ондағы клиенттік база 17,2 мың абонентті құрады. Жоспар бойынша биыл FTTx желісімен облыс орталықтарын 100 пайыз қамту жыл соңына дейін аяқталады», - дейді А. Хайрушев. Оның айтуынша, 2015 жылы FTTx желісі құрылысы аудан орталықтары мен ауылдық елді-мекендерде басталады.