Бұл туралы бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде «2012 жылғы өрт қаупі кезеңінде орманды-дала өрттерінің алдын алу және жою» тақырыбында өткен бейнеконференция барысында Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Серік Әубәкіров айтты.
Оның атап өтуінше, ағымдағы жылдың басынан бері еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында 17 өрт тіркелген. Орман өрттерінің аумағы 395 гектар аумақты құраған. Мәселен, 12 сәуірде Павлодар облысының Лебяжі ауданында «Ертіс орманы» табиғи резерватының Бесқарағай филиалында 20 гектар орман өрт құшағына оранған. Сонымен қатар дәл осы күні Ақмола облысының Ақкөл ауданында дала өрті орманға ауып, 1 гектар аумаққа жайылған.
«Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда орман өрттерінің саны 2,8 есеге, ал өрт аудандары 13 есеге өсті», - деді ол.
Комитет төрағасының айтуынша, ағымдағы жылы республика аумағында жалпы аумданы 179 гектарды құрайтын 5 дала өрті, сондай-ақ шағын ауданда 378 мәрте тілсіз жаудың тұтану дерегі тіркелген.