Биыл Өзбекстанмен шекара шегенделеді - ҚР Үкіметі

АСТАНА. ҚазАқпарат – Өзбекстанмен шекараны шегендеу туралы шартқа биыл қол қойылады. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік шекараны межелеу рәсімі барлық шекаралас мемлекеттермен жүргізілді. Тиісті халықаралық шарттар ратификацияланды. Қытаймен, Түрікменстанмен және Қырғызстанмен мемлекеттік шекараны толық құқықтық ресімдеу аяқталып, шегендеу туралы тиісті халықаралық шарттар ратификацияланды», - деді Үкімет басшысы жауабында.

Оның дерегінше, Өзбекстанмен шекараны шегендеу туралы шартқа осы жылдың соңына дейін қол қою жоспарланып отыр.

«Ресеймен шегендеу рәсімі аяқталу сатысында», - деп атап өтеді Әлихан Смайылов.