Биыл Павлодар әкімдігі гүлзарларға ақшаны былтырғыдан аз жұмсамақ
14:55, 16 Наурыз 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың жаз айларында 14,5 мың шаршы метр аумаққа 511 404 түп гүл отырғызылады. Бұл туралы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Вадим Ковальчук мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
-Биыл жаңа гүлзарлар пайда болмайды. Қала билігі көшет сатып алу үшін 81 миллион 254 мың 300 теңге бөліп отыр. Былтырғы жылы гүл өсіруге 94 миллион 452 мың 600 теңге жұмсалған. Бұдан басқа, биыл 71 түп ағаш пен 23 түп тал егіледі. Сондай-ақ, 13 түп ағашты қайта отырғызу жоспарда бар. Бұл мақсатта екі миллион теңге бөлінеді, - деді В. Ковальчук.
Айта кетерлігі, былтырғы жылы Усолка және Дачный мөлтек аудандарында, Ауғандықтар және Южный саябақтарында, Суворов, Ленин, Торговая, Российская, Гагарин, Пахомов көшелері мен «Шаңырақ» орталығының жанында 33 миллион 26 мың 293 теңгеге 2331 түп ағаш егілген.