Биыл пайдаланылмаған жерлерді қайтаруға қатысты шаралар іске асырылмақ

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аграрлық-өнеркәсіптік кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына 2019 жылдың қазан айында өзгертулер енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргіуақытта, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Аграрлық-өнеркәсіптік кешеніндамытудың мемлекеттік бағдарламасына 2019 жылдың қазан айында өзгертулеренгізіледі. Оның ішінде Аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің мемлекеттік қолдаушараларының тұрақтылығы мен айқындылығын қамтамасыз ету, Аграрлық-өнеркәсіптіккешенінің өзара міндеттемелерінің жиынтығын айқындау, өңдеу зауыттарынжаңғыртуға/қайта құруға Трансұлттық корпорацияларды тарту, жер ресурстарынұтымды пайдалану шараларын қабылдау ескерілген», - деді Ж. Қасымбек.

Соныменқатар ол «ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы Холдингі »АҚ қызметінің тиімділігін арттырумәселесіне детоқталды.

«Бизнес-процестердіңқаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және тиімділігін арттыру мақсатында«ҚазАгро» холдингінің трансформациялық бағдарламасы дайындалды. 2020-2029жылдарға арналған Холдингтің жаңа стратегиясының жобасы әзірленіп, саланыңнегізгі басымдықтары ескерілді. Бизнес-процестер мен құрылымды оңтайландырудытолық автоматтандыру жүзеге асырылады. Холдингшетелдік мамандарды тартады», - деді Жеңіс Қасымбек.

Бұдан бөлекол Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Бас прокуратура пайдаланылмаған жерлердіанықтау және оларды айналымға тарту бойынша іс-шаралар жоспарын бекіткенін мәліметті.

«Биылғы жылыжер мониторингі, жерді пайдалану, қорғау, мемлекеттік бақылау және жертелімдерін бөлу үдерістерін автоматтандыру, сондай-ақ пайдаланылмаған жерлердіайналымға алу және қайтару жөніндегі шараларды қамтамасыз ету бойынша заңнаманыжетілдіру жоспарлануда», - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар